«Беларусьтағы ҚР елшілігі хабарлағандай, облыс әкімі Қосман Айтмұхамбетовтың басшылығымен барған делегация БР Үкіметінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақмола облысының БР-мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, ауыл шаруашылығы және жол техникасын, астық кептіретін кешендер шығаратын бірлескен өндіріс құру, Беларусьқа қазақстандық астықты жеткізу мүмкіндіктерін қарады», - деп атап өтілген таратылған хабарламада.
Ақмола облысына беларусь техникасын көрсету үшін екі ауыл шаруашылығы алаңын беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстандық делегация Беларусьтің ірі өндірістік кәсіпорындарын аралады. Олар роботтандырылған тауарлы-сүт өнімдері фермаларын енгізу тәжірибесімен, мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы өндірісімен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарымен танысты.
Ақмола және Гродно облыстары арасында ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарланған баспасөз баянында.