Ақмола облысының астық тұрақтандыру қорының 72,7 пайызы құрылған

Ауылшаруашылық департаменті директорының орынбасары Серік Жамбеталиннің хабарлауынша, астық тұрақтандыру қоры 15-қазанға дейін құрылып бітеді. Тұрақтандыру қорына 3-ші сұрыпты бидай белгіленген баға бойынша бір тоннасын 205 АҚШ долларымен қабылдануда.

Сондай-ақ ауылшаруашылық департаментінен хабарлағандай, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілер, Целиноградск аудандары облыстық тұрақтандыру қорына жоспарланған көлемді тапсырып қойған.

Бүгінгі күнде Көкшетау қаласы мен Красный Яр аулындағы нан бағасы тұрақтанып келеді. Қазір 11 дүкеннің сөрелерінде "Қазақстан" нанының бір бөлкесі 40 теңгемен сатылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті