Республика күніне орай ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңке бүгін басталды. Әзірленген кестеге сәйкес, Астанада, Шапағат базарында бірінші болып өз өнімдерін Целиноград ауданының тұрғындары ұсынды. Ал 4-қарашадан бастап әрбір жексенбі сайын Ерейментау, Астрахань, Аршалы, Егіндікөл, Ақкөл, Шортанды және Бұлады аудандарының ұйымдастыратын жәрмеңкелері өтетін болады. Көкшетауда бүгін Жақсы ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынуда. Осыдан кейін, әрбір сенбі сайын өз кезектерінде Щучинск, Есіл, Атбасар, Зеренді, Еңбекшілер, Сандықтау және Жарқайың аудандары ауылшаруашылық өнімдерін ұсынатын болады.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылар - Ақмола облысы мен Астана қаласы әкімшіліктерінің басты мақсаттары - тұрғындарды делдалсыз ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті