Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы жаңа орынға ауыстырылады - президент жарлығы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сәйкес ҚР президенті Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы Астана қаласының Көктал кентінен Целиноград ауданының Малиновка ауылдық округінің Малиновка ауылына көшіруге жарлық шығарды.

Сонымен қатар, Қазақстан үкіметіне 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін аталмыш жарлықты жүзеге асыруға қатысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті