Ақмола облысының Щучинск ауданының әкімі тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "аудан әкімінің қызметіне Тасболат Қасенов тағайындалды". "1999 жылдан бүгінге дейін ол Ақмола облыстық көші-қон комитеті басқармасының бастығы болған", -деп хабарлайды мекеме.

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Болат Ақановты Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері 24 мамырда пара алған сәтте құрықтаған.