Ақмола облысының тұрғынына найзағай түсіп көз жұмды

Ақмола облысы Жалтыр ауылында жергілікті тұрғынға найзағай түсіп көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында.

Астрахан аудандық ішкі істер бөліміне 3 тамыз күні ер адамнан телефон шалып, Жалтыр аулының маңында 1955 жылы туған жергілікті тұрғынның көз жұмғанын хабарлады.

«Жергілікті тұрғын мал бағып жүрген, сол күні кешке сағат 20-лар шамасында ол атқа мініп, елді мекенге қарай сиыр, қой айдап келе жатқан кезде, үсіне найзағай түседі. Салдарынан оқиға орнында малшы мен астындағы аты мерт болды», — деді Астрахан АІІБ.