Ақмола отбасында 60 отбасы тұрмыстық техникасыз қалды

Көктерек тұрғындары бүгін күйгентұрмыстық техникаларын көшеге көтеріп шықты. Жұрт жарыққа жауапты мекемеден қыруар қаржыға алған дүниесінің өтеуін сұрап отыр. Электр торабындағылар болса, желідегі апаттың ертеңінде тозығы жеткен трансформаторды ауыстырып, жөндеріне кеткен.  

Дәмеш Өмірова, Көктерек ауылының тұрғыны:

-60 үйдің дүниесі бәрі күйіп кетті. Кейбір кісілерде тоңазытқыш, компьютер, телевизор, телефоны күйіп кетті. Энергияның бастығына звондадық телефон алмай отыр. Түнде тоқ көтерілгенде диспетчер не үшін ақша алып отыр? Мен міне, бір телевизор алу үшін екі жыл ақша жинадым. 

Бұл ауылдың электр бағаналары осыдан 50 жыл бұрын тартылыпты. Содан бері жаңармаған. Электриктер тек ақша жинау үшін келеді екен. Желідегі электр қуатының бірде түсіп, бірде шамадан тыс артуынан жұрт осылай жапа шегіп отыр. Жауапты мекемедегілер болса, транзит пен жөндеу жұмыстарына ғана жауап береміз деп маңайлатар емес.

Владимир Суйчмезов, Зеренді өндірістік электр торабының учаске жетекшісі:


-Үйіне келіп тұрған электр энергиясы үшін әркім өзі жауапты. Біз оның қауіпсіздігін қадағалмаймыз. Сіздер, «Көкшетау-Энерго» компаниясынан сұраңыздар. Бұл жерді солар келісіммен басқа компаниядан алған
.

Электр қуатын жеткізіп, таратып, ақысын жинап отырған электр торабы басшысының жауабының түрі осы. Дегенмен «Көкшетау-Энерго» компаниясына да хабарластық, олар да басын алып қашты.

-Тұрмыстық техникадан бір сәтте айрылған бір ауылдың жұрты электр торабы кәсіпорнын әзірге сотқа да бермеген. Әліптің артын бағып отырған  халық басшылар өздері келіп, мәселені шешер деп күтсе керек. Олар болса, бір біріне сілтеп отыр.

Ал Көктерек ауылының тұрғындары қолданып отырған тұрмыстық заттарын негізінен несиеге алған. Кейбірі тіпті қарызын өтеп те үлгермепті. Енді қып-қызыл шығынға батқан жұрт кімнен көмек сұрарын білмей отыр.