Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Жас спортшылар Өскеменнен Рудный қаласына қарай бет алған екен. Жолда автобустың дөңгелегі істен шыққан. Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 939-шы шақырымында орын алды деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Автобуста барлығы 21 адам болған. Олардың 17-сі жасы 12-13 аралығындағы балалар.

"Құтқарушылар автобусты жөндеуге көмектесті. Әкімшілікпен бірлесе жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды", - дейді ТЖД мамандары.


Автобус жөнделгеннен кейін хоккейшілер жарысқа аттанып кетті. Олар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады.