Ақордада Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кездесуі өтеді

Кездесулер және келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы өзбекстандық-қазақстандық ынтымақтастықтың ары қарай дамуын талқылап, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Осыған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы  1 545,2 млн долларды құраған.