Ақордада Қазақстан мен Украинаның арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуді ашқан Қ.Келімбетов табысты басталған Қазақстандағы Украина жылы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың оң қарқынын айқындайтынын және екі елдің халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қ.Келімбетов пен В.Балога Украина Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Ющенко қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Кездесуде түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленген "Қазақстан-Украина 2007-2008 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарын" орындау жөнінде сындарлы пікір алмасулар болды.

Сондай-ақ бірқатар перспективалық жобалар, мәселен Украинада мұнай өңдеу зауытын және түрлі қуаттылығы бар бу-газ электростанцияларының құрылысын салу мәселелері талқыланды, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.