Жылыжай өнімін басты тұтынушылардың бірі Ақорданың асханасы. Президенттің дастарханына қойылатын жеміс-жилек дәл осы жерден алынады екен. Жалпы мұндағы цитрус талдары 20 жыл бұрын егіліпті. 2 мың шаршы метр жерге отырғызғанда, жылыжай қызметкерлері оларды дәл қыстың қақ ортасында пісетіндей етіп жоспарлаған. Мұнда көп жеміс беретіні лимон. Жылына ол 30 тоннадай, грейпфруттар жылына 5 тен 7 тоннаға дейін өнім береді екен.
Александр Забиров, «Топар жылыжайлары » ЖШС директоры:
-Цитрус тектес жемістерден көп пайда жоқ. Бұл тек қақаған қыста аз адамға сыйлайтын және өзімізге ермек үшін өсіріледі. Базарларда сапасы төмен, арзан цитрусты жемістер жеткілікті. Ал мұны бізде бағып қағудың шығыны үлкен.