Ақпан айында Қазақстандағы орташа жалақы 6,3% өсті

Бұл өткен жылдың екінші айымен салыстырғанда 6,3% артық.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, сала бойынша ең жоғарғы жалақы ғылыми-техникалық мамандар алады екен. Бүгінгі таңда олардың айлық еңбекақысы 202 мың 100 теңгені құрап отыр.

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында. Олардың қолына 51 мың 800 теңге тиеді. Бұл орташа республикалық деңгейден 50,6% кем.

Аймақтық тұрғыдан алып қарасақ, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында - 192 мың 100 теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 1,8 есе артық. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында ең жоғарғы жалақы 71 мың 800 теңге (31,6% кем).