Ақпарат министрі Ақтөбеде тура бір жыл бұрын болған лаңкестік құрбандарын еске алды

Видеода сол кезде лаңкестердің қолынан қаза тапқандар туралы айтылады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Былтыр 5 маусымда Ақтөбеде содырлар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, соның салдарынан 7 адам қаза тапқан болатын. 30  адам жарақат алды. Ал жат ағымның жетегінде кеткен 18 содырдың көзі жойылды.

Кейін қараша айында осы оқиғаға қатысқан 9 лаңкес сотталды. Жетеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылса, екеуі 25 және 22 жыл арқалады.