Ақпарат министрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерінің жекелеген тәртіптерімен келіспейтіндігін тағы да мәлімдеді

"Өкінішке орай, Орталық сайлау комиссиясы біздің министрліктің нұсқауларын ескермей, бізбен келіспестен ережелердің ақырғы нұсқасын бекітіп, әділет министрлігінде тіркеп үлгерді",- деді А.Сәрсенбаев.

Атап айтсақ, сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны тұсында БАҚ-тың таралым санын арттыруды шектеуді министр "азаматтық кодексті тікелей бұзу" деп санайды. "Егер сайлау алдындағы науқан кезінде сұраныс артқан жағдайда газетке неге өз таралымын арттыруға болмасқа!" . "Осындай әрекет арқылы біз бұқаралық ақпарат құралдарының шаруашылық іс-қызметіне араласып отырмыз",- дейді А.Сәрсенбаев.
Сондай-ақ, теледебаттарды өткізу мерзімі ақпарат министрінің "көңілінен тіпті де шықпайды". "Бұл жерде кінә телекомпанияларда емес. Мерзімді белгілеуші - Орталық сайлау комиссиясы",- деді министр. "Менің пайымдауымша, теледебаттарды халық жазғы демалыстан оралып, мұғалімдер мен студенттер жиналып, қалыпты тірліктер басталатын қыркүйек айында өткізген абзал",- деді ол. Оның пікірінше, теле пікір-сайыстарды ұйымдастыру жөніндегі норманың құзыры тек БАҚ-тарға ғана жүріп, Орталық сайлау комиссиясы тек ережені бекітуі тиіс. "Пікір -сайыстардың тақырыбы мен оны ұйымдастыру мәселесін бұқаралық ақпарат құралдары өз бетімен шешуі тиіс. Көзқарасты телекомпанияға таңуға болмайды",- деді А.Сәрсенбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және парламент мәжілісінің депутаттары сайлауын ақпаратпен қамтамасыз ету ережелерін ҚР әділет министрлігі тіркеді. Ережелер 19-тамыздан бастап Қазақстан аумағында жаппай міндетті түрде орындалуы тиіс.