Ақпарат министрлігі жаңа басылымдарды тіркеу мерзімін негізсіз сөзбұйдаға салып отыр - "Журналисты в беде"



Р.Таукинаның айтуынша, "Журналисты в беде" қоғамдық қоры шілде айында жаңа газетті тіркеу туралы өтініш берген. "Алайда, тіркеуге бөлінетін 15 күн әлдеқашан өтіп кеткеніне қарамастан, ақпарат министрлігі әлі күнге дейін үн-түнсіз отыр",- деді ол.
Р.Таукинаның айтуынша, "жаңа газетті тіркеу үлкен қиындық тудыратыны туралы қорға шағымданатындар көп". "Мәселен бізге газетті тіркеу туралы маусым айында өтініш берген бес газеттің қожайынынан шағым келіп түсті. БАҚ-ты министрлікте тіркеу туралы қолданыстағы ережеге байланысты тіркеуден бас тартуға ешбір негіз жоқ. Барлық бюрократиялық кедергілерден өткеніне қарамастан, газеттер күні бүгінге дейін тіркелмей отыр",- деді Р.Таукина.
"Журналисты в беде" қоғамдық қорындағылардың пікірінше, ахуал алдағы президент сайлауына байланысты да "ушыға түсуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті