"Бағдарламаны жасаудың бірінші мақсаты- "электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын құру болды. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы біз жеке және заңды тұлғалар бойынша дерек базасын дайындап тапсырдық. Сондай-ақ, мекендік регистр жүйсін де жасадық. Ал жыл соңына дейін мүлік регистрін дайындауды көздеп отырмыз", - деді Қ. Есекеев.
"Жыл соңына дейін 3-4 күн қалды, сондықтан бізде тапсыру жұмысы жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ол.
АБА төрағасы атап өткеніндей, е-үкімет аясында мүлік регистрі " қажетті анықтама қағаздарын беру үшін, мүліктің кімнің атында тіркелгенін, оның кадастрлік номерін, сондай-ақ, барлық жүйенің іс әрекеттерін реттеу үшін қажет".