Ә.Қонысбаевтың айтуынша, қазір аумағы 340 гектарды құрайтын алаңда болашақ саябақтың бір ғимаратының іргетасы қаланды. "Қазіргі таңда саябақты салу жұмыстары кестеден оза жүзеге асырылуда",- деді ол. Оның айтуынша, қауымдастық алдында қазіргі тұрған басты мақсат - "технологиялық жарақтану" болмақ. "Компания басқарушысы ІТ-индустриясының әлемдік брендтерімен өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды және 2004-жыл соңына дейін саябақты технологиялармен қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын жасау көзделіп отыр",- деді Ә.Қонысбаев.
"Салық және түрлі кедендік жеңілдіктер көрсетілетін арнаулы экономикалық аймақ идеясын іске асыру Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық потенциалын толыққанды әжетке жаратуға мүмкіндік береді",- деді Ә.Қонысбаев.
Республикалық бюджетте саябақты құруға 700 млн. теңге қарастырылған.