Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

"Бағдарлама 2006 жылы қабылданып, 2007 - 2009 жылдарға арналды, мемлекеттік бюджеттен 15 млрд теңге, жылына шамамен 5 млрд теңге бөлінуде", -деді Е. Дүрмағамбетов. Оның айтуынша, "бұл 15 млрд теңгенің 13 млрд теңгесі республикалық бюджеттен және 2 млрд теңгесі - жергілікті бюджеттен бөлінуде".

Оның айтуынша, "инвестициялардың басым бөлігі оқыту процессін ұйымдастыруға: республика аумағы бойынша 2512 класс жабдықтауға, осы кластарда сабақ үйрететін оқытушыларды дайындауға, әдістемелік оқулықтарды жасап бастырып, таратуға, сондай-ақ, ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі сертификат секілді баспа өнімдерін шығаруға жұмсалуда".

"Ал мәдени мұра порталына келсек, оны жасауға біз ақша жұмсаған жоқпыз", -деді агенттік өкілі. "Порталды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жасауда, ол тегін жасалуда, бірақ ол келешекте оммерциялық сипатқа көшеді", -деді ол.