Аққу ауылында музыкант әрі композитор Марат Садықовты еске алуға арналған кеш өтті - Павлодар облысы

Марат Садықовтың достары, әріптестері мен ақындар композитордың жастық шағын, шығармашылығы гүлдеген тұс - 70-ші жылдарды еске алды.

Кеште М. Садықовтың «Туған жер», «Лебяжі вальсі», «Анаға» атты танымал әндері орындалды.