Сөздеріне қарағанда, ақсақал ағаштарды біреулерге кестіріп жатқан сияқты, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Ал екінші адам оған қарсы. Қария болса, оған "жолымды бөгеме" дейтін тәрізді. Ата сақалы аузына түскен бұл кісінің оғаш қылығын желідегілер дұрыс емес деп отыр. Көпшілік «жастарға қайтіп өнеге болады?» деп өкініш білдірсе, енді бірі егде жастағы жанды сабырға шақырмай, оның әрекетін телефонға түсіріп тұрғандардың ісін айыптаған. Ал бұл оқиғаның қай өңірде болғаны белгісіз.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар.