Сирияда 4 жылдан бері болып жатқан азаматтық соғыс салдарынан бұған дейін елдің 1500 азаматы АҚШ-қа қоныс аударуға рұқсат алған.
Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің айтуынша, босқындарға ең тиімді көмек түрі - қаржылай көмек. Осы тұста ол АҚШ халықаралық ұйымдарға 4 млрд. доллар аударғанын айта кетті.
АҚШ-та бюджеттік жыл 1 қазаннан басталады.