АҚШ адам құқығы жағдайын жақсарту үшін Қазақстан билігімен және азаматтық қоғам лидерлерімен ынтымақтасады - Клинтон

«Президент Обама мен Америка Құрама Штаттарының халқы атынан мен Қазақстан халқына 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне ізгі тілектерімізді білдіреміз», - делінген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің бүгін таратқан мәлімдемесінде.

«Бүгінгі таңда стратегиялық әріптестік диалогы арқасында АҚШ пен Қазақстанда адамдар экономикалық байланыстарымызды нығайту, жауапты және сенімді энергетикалық болашақты жоспарлау, ғылым және технология саласында ынтымақтасу арқылы инновацияны ілгерілету, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті жақсарту жолында бірге еңбек етуде», - дейді Х.Клинтон.
Ол былтыр көктемде президент Обама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездес құрметіне ие болғанын айтты.
АҚШ та адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту үшін және мұнан да тұрақты, қауіпсіз, демократилық, өркениетті келешеу құруда көмек көрсету үшін Қазақстанның азаматтық қоғам және жекеменшік сектор лидерлерімен және ел басшылығымен ынтымақтасады, дейді мемлекеттік хатшы.