"Біз Орталық Азия аймағындағы достарымызды "американдық" демократияға үйретуді тіпті де көздеп отырған жоқпыз. Демократиялық құндылықтарды орнықтыруда әр ел өзіндік жолды таңдайтынын біз түсінеміз",- деді К.Райс. "Дегенмен, сөз және діни сенім-наным бостандығы, ел басшылығын сайлаудағы еркіндік сынды жалпыға бірдей ортақ демократияның негіздері болуға тиіс екені дау тудырмаса керек",- деді ол.
"Қазақстанның алдында еркін әрі әділ сайлау өткізу деген аса маңызды шара күтіп тұр, деп санайды АҚШ. Қазақстан халқы осындай қадамға лайықты халық. Ол үшін ауқымды іс тындыру керек",- деді ол.
"Демократияға қарай көш түзеген Қазақстанның АҚШ - досы әрі серіктесі",- деді К.Райс. "Қазақстан мен АҚШ көптеген салалар бойынша етене жақын әріптестер. Атап айтсақ, екі елдің экономика және қауіпсізік салаларындағы ынтымақтастық перспективасы зор",- деді мемлекеттік хатшы.
"Иракта Қазақстанның шағын күштері орналасқан. Сол арқылы Қазақстан аталмыш елді қарусыздандыруда бізге қолғабысын тигізуде. Қазақстанның басқа да ілгерілеушіліктерімен бірге бұл екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы арта түскенін айғақтайды. Бұл жолда АҚШ Қазақстанның әріптесі болуға пейіл",- деді К.Райс.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті