"Бүгін Астана қаласында АҚШ-ның Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей мен вице-адмирал Кевин Косгрифф АҚШ-ның әскери-теңіз академиясының жаңа курсанты Рымғали Әбіқаевпен кездесті", - деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
"Ол Қазақстан мен АҚШ-ның қорғаныс министрліктерінің арасындағы алмасу бағдарламасы аясында Американың осы мәртебелі оқу орнында оқитын болады", - деп хабарлайды елшілік.