АҚШ Ауғанстандағы техникасын «Солтүстік дәліз» арқылы тасымалдай бастады


Бұл суреттер Әзірбайжанда түсірілген. Теңіз арқылы Қазақстаннан жеткізілген бронды көліктер мен техника Баку портында аялдап сыйымдылығы үлкен машиналарға тиеліп жатыр. Автокеруен әрі қарай Грузияға жол тартпақ. «Солтүстік дәліз» деп аталатын маршрут Қазақстан аумағы арқылы өтетінін айта кетейік. Соңғы он жылда НАТО бұл бағытты тек әуе тасымалы үшін пайдаланған. Енді алғаш рет техникасын теміржол арқылы тасымалдауда. Алғашында әскери жүк өтпейді делінген болатын. Алайда оқиға орнынан түсірілген суреттерден Қазақстан арқылы әскери техниканың тасымалданып жатқанын байқауға болады. Ақтау порты арқылы екі партия АҚШ техникасының өткені белгілі болып отыр. Алдағы уақытта тағы бірнеше легі жеткізілмекші.