АҚШ басшылығы Қазақстандық мамандарды Иракқа жіберуді өтінді

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, АҚШ басшылығы тарапынан Елбасының атына Қазақстандық мамандарды тұрақтандырушы күштер құрамына жіберу туралы өтініш келіп түскен.

"Ирактағы бейбіт тіршілік тынысын қалпына келтіру науқанына Қазақстанның атсалысуы аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және оны нығайтуға бағытталған дәйекті мемлекет саясатымен толық үндеседі",- делінген мәлімдемеде. Елбасы халық қалаулыларына арнаған мәлімдемесінде қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен Қазақстандық мамандарды Иракқа жіберу туралы шешім өркениетті халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау табатынын атап көрсеткен.
М.Алтынбаевтың айтуынша, американдық әріптестерімен болған келіссөздерде "қайырымдылық миссиясын атқару барысында Қазақстандық мамандардың қауіпсіздігін сақтау мәселесіне айрықша мән беріліпті". Сонымен бірге министр
"әскерилер тек қайырымдылық көмек көрсетумен ғана шекетелетінін" , әрі олар тек еріктілер қатарынан ғана іріктелетінін ерекше атады. М.Алтынбаевтың мәліметіне сүйенсек, министрлік алғашқы кезеңде Иракқа 25 адам жіберуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, сумен қамтамасыз ету жөніндегі, жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі, сондай-ақ, қамтамасыздық жөніндегі мамандардан құралған үш топ жұмыс істейді деп күтілуде. Алдын-ала жасалған есеп бойынша бұл мақсатқа шамамен 98 мың доллар қажет болмақ.