Хакерлер съезі Лас-Вегаста 23-ші рет өткізіліп отыр. Мұнда заңсыз нәрселер талқыланса да шара аясы кеңейіп келеді. Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі Джеф Мосс жасырын кездесулерді компьютерлік қауіпсіздік саласында кәсіби мамандарға арналған белгілі конференцияға айналдырғанына сенімді, деп жазды Российская газета.