"АҚШ -тың энергетика министрлігі мен ҚР қаржы министрлігінің кедендің бақылау комитеті арасында, шекарада заңсыз ядролық және радиоактивті заттарды тасымалдаудың алдын алу және бақылау қарым-қатынастары жөнінде атқарушы келісімге қол қойылды. Ол бойынша, Қазақстан шекарасының бойында радиациялық бақылау жүйесін орнату көзделген", - деп хабарлады департаменттегілер.
Департаментте атап өткеніндей, топтың келу мақсаты - жолаушылар, темір-жол, көлікке арналған "Янтарь" сияқты радиациялық бақылау жүйесін орнату жөнінде конструктивті шешімді қабылдап, инженерлік және коммуникациялық жұмыстарды жүргізу.
Осыған орай, АҚШ энергетика министрі Түркіменстан шекарасымен шектесіп жатқан, теңіз, әуе порттарында орналасқан кедендік бекеттерге барып қайтты.