АҚШ дипломаттары мен әскерилердің отбасылары Түркиядан шұғыл кеткелі жатыр

Пентагон өкілі Питер Куктың мәлімдеуінше,  Инджирлик авиабазасына жақын жердегі  Адана қаласының шет жақтарында тұратын 900-ге жуық адам көшірілуі мүмкін, деп хабарлайды Би-би-си.

« Елді тастап шығу жөніндегі ұсыныс белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты туындап отырған жоқ. Бұл тек қана сақтық шаралары»,-дейді ол.