АҚШ доллары 1,81 теңгеге арзандады

Қытай Халық Республикасында мереке күні ( ҚХР құрылған күні)  болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,28 (-1,81 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі- 42 000 мың USD (+20 250 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Еске сала кетейік, кеше күндізгі сессияда АҚШ долларының бағамы 335,09 теңге болған.