АҚШ доллары қайта нығая бастады

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,27 (+0,56 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 63 050 мың USD АҚШ долларын (-1 850 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 49,2200 теңгені (+0,0150 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді (-200 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.


Айта кетейік, кеше күндізгі сессия нәтижесі бойынша доллар бағамы 330,76 теңге болған.