«Американдық заманауи «Шамарр Аллен энд Андердогз» джаз-тобы сәуірдің 12-22-лерінде Қазақстанда турне жасап, Алматы, Өскемен, Астанада өнер көрсетеді. Олардың Қазақстандағы ақтық концерті Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында 21-ші сәуірде 19:30-да болады», - делінген сәрсенбі күні АҚШ елшілігі таратқан хабарда.
Турнеге АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен Астана және Өскемен әкімшілігі демеушілік көрсетті. Сондай-ақ Алматыдағы джаз-фестиваль да көмек көрсетті. Өскемен мен Астанадағы концерттерге кіру тегін. Бейбітшілік және келісім сарайындағы орындар шектеулі болғаны себепті билеттерді осы сарайдың кассасынан алдын ала тегін алуға болады», - деп нақтылайды баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ хабарда джаз-тобы Бішкекте де өнер көрсететіні айтылған.
Шамарр Аллен – трамбонда ойнайды және вокалшы. Оның шыққан тегі Жаңа Орлеан. Оның Андердогз тобы хип-хоп, джаз, фанк және рокты ұштастыра алғаны үшін АҚШ-та өте танымал.