Бұл туралы журналистерге Ауруларды бақылау және профилактикалау орталығының директоры Томас Фриден мәлімдеді.
«Алғашқы науқас анықталған күні бізде мұндай топтың болмағаны өкінішті. Бірақ біз бұдан былай АҚШ-та бола қалған жағдайдағы ауру оқиғаларымен айнаысамыз», - дейді ол.
«Біз тағы бір жағдай анықталатын болса ауруханаға көмектесу үшін бірнеше сағат ішінде сол жерге келеміз», дейді Т.Фриден.
Бұрын хабарланғандай, өткен сәрсенбі күні АҚШ-та Эбола вирусын алғаш жұқтырған либериялық Томас Эрик Дункан қайтыс болды.
Науқасты күтуші медбике Нина Фам одан вирусты жұқтырған. Қазір медбикенің жағдайы жақсаруда. Т.Э.Дунканмен қатынаста болған 75 адам да дәрігерлердің бақылауында.