АҚШ елшілігі Орталық Азия елдеріндегі ЖОО басшыларына арнап жазғы дәрістер ұйымдастырды

Дәріс барысында Орталық Азиядағы бес елдің 42 университетінің ректорлары, проректорлары мен жоғары сатылы администраторлары тиімді басқару, қаржылық басқару бағдарламаларын жасау, жоғары оқу орнының іс-қызметіне өз бетімен баға беру процедурасы мен мониторинг, институционалдық өзгерістер қарқыны, оқыту бағдарламаларын жақсарту, кәсіпқой және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мәселелері бойынша тренингтен өтеді.

Онда Нью-Джерси технологиялық университетінің және АҚШ-тың Вардербилт университетінің жоғары оқу орындары жүйесіндегі жетекші басқарушылар мен әкімшілік мамандары, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар дәріс оқиды.