"Алматы қалалық сотының тәуелсіз КТК телеарнасының хабар таратуы мен "Караван" газетінің шығарылуын үш айға тоқтату туралы шешімінен біздің көңіліміз қайтты",- деп мәлімдеді агенттікке АҚШ елшілігінің ақпараттық бөлімі.
"Өз идеясы мен пікірін еркін білдіру құқығы демократияның ажырамас бөлігі. Халық түрлі пікір-көзқарастардан хабардар болуға құқылы. Ол көзқарастар үкіметтікінен өзгеше болған жағдайда да, олар тіпті жанға батыра жәбірлеген сипатта болған жағдайда да білуге құқылы",- дейді елшіліктегілер.
"Біз Қазақстан үкіметін демократиялық реформалар мен сөз бостандығын қолдайтындығы туралы өзі жариялаған сөзінде тұруға және оларды құрметтеуге шақырамыз",- деп мәлімдеді елшіліктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті