АҚШ елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозермен кездесті. Сонымен қатар, әкім Алматыдағы АҚШ-тың жаңа бас консулы Кэролайн Сэвиджбен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылағанын жазды.

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. 2011-2015 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болған.