Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау ниетіне тоқталған С.Миникес елімізге елшілер дайындау мәселесіне қазірден бастап көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Оның бағалауынша, Қазақстан алда-жалда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болып сайлана қалса, "ұйымның құрамында ауқымды хатшылық жұмыс істемейтіндіктен", күн сайынғы жұмыс көлемін еңсеру үшін жоғары деңгейде дайындалған 15-20 елші қажет болмақ.
Сонымен бірге С.Миникес төрағалық лауазымға ниет білдірген нақты бір елді қолдау тұрғысында АҚШ әзірге ақырғы шешім қабылдаған жоқ деп мәлімдеді. Өйткені, "осындай ниет білдірген бәр ел үшін АҚШ ашық саясат ұстанады",- деді ол.
АҚШ елшісінің пайымдауынша, "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауға ниет білдірген елдер осы ұйымның іргелі стандарттары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс". Ол сонымен бірге 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасайтын елді сайлауға қатысты шешім қазіргі күтілгендей 2006-жылдың желтоқсан айында емес, 2006-жылдың сәуір айында қабылдануы мүмкін деп мәлімдеді.
Өз кезегінде С.Дьяченко Қазақстан үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау - үлкен жауапкершілік екенін және еліміздің бұл қадамға тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді.