АҚШ генералдары қазақ жауынгерлерінің шеберлігіне тәнті болды

Әскери жаттығу әдеттегідей Алматы облысындағы Іле полигонында өтті. Қолдан жасалған мына қалашықтың іші, сценарий бойынша, әп-сәтте қан-жоса қырғынға айналды. Тұрғын үйлердің бірін басып алған бүлікшілер оңайшылықпен берілмеген соң, жауынгерлер келіп ойран-топанын шығарды. Бір үйден бір үйге сырғып отырған сарбаздар барлық ғимаратты лаңкестерден түгел тазартты. Шетелдік генералдардың назарына іліккені, әсіресе, рота командирінің өз бетінше ұтымды шешім қабылдай білуі болды.

Дәулет Оспанов, ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерінің қолбасшысы:

- Бұл жаттығуда бізде екі мәселе болған: біріншісі – жеке роталарды дайындау, екіншісі – штабтарды дайындау. Сол мақсаттарға біз жеттік. 

Loading...