АҚШ ғалымдары ішімдіктен бас тартқан адам ағзасы қандай күйде болатынын айтты

Мамандар, ішімдікті бірден қойып кету денсаулыққа өте пайдалы екенін тағы да нақтылап, ғылыми тұжырыммен дәлелдеді. Мамандардың айтуынша, оның денсаулыққа пайдасы бірден байқалады.

Нақтырақ айтқанда, ішімдікті қою бауыр жасушаларын сақтап қалады. Сондай-ақ, алкогольдік сусындардан бас тарту холестеринді азайтып, ағзадағы артық майды «жағады».


Ішімдік бауыр циррозы ауруына шалдықтырады. Егер спирттік ішімдіктерді мүлдем пайдаланбаса, ағза өзін өте жақсы «сезінеді» деп ескертеді дәрігерлер.