АҚШ ғалымы: Қазақстанға жел және күн энергетикасын дамыту жеңіл болады

«Менің ойымша, Қазақстанда жел және күн энергетикасын дамыту тиімдірек болады. Елдің шығысы мен батысы желді, ал оңтүстігінде күн қызуы жақсы», - деп тоқталды ол.

Оның пайымынша, баламалы энергетиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін зерттеулерді үздіксіз жүргізу керек. Баламалы энергия көздерін дамытудың жалғыз проблемасы оны жүзеге асырудың қымбатшылығымен байланысты.

«Қазіргі кезде қайта жаңаратын энергия көздері мұнай мен газға қарағанда қымбаттау. Қазақстан мұнай мен газды пайдаланады, алайда болашақта баламалы энергия көздерін барынша игереді деген ойдамын», - деді А. Игнатьев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылғы ЭКСПО бірінші кезекте Қазақстанның беделін арттыра түседі. Сонымен қатар көрме баламалы энергия көздері бойынша көрсетілген соңғы буынды технологияларды барынша игеруге мүмкіндік беретін болады.