АҚШ Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеруге атсалысу аясын кеңейте түсуден мүдделі

Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан тәуелсіздікке ие болған сәттен бастап қарқынды дамып келеді. Қазір ол мұнай және газ өндіру, атом энергетикасы, электр қуатын өндіру және орны толтырылатын келешегі бар энергия көздерін игеру тәрізді салаларды қамтиды.

Қ.Саудабаевтың айтуынша, "Каспий теңізіндегі бағаланған көмірсутегі қорының 75 проценттік үлесін иемденетін Қазақстан энергетика саласында АҚШ компаниялары санының арта түсуінен мүдделі".
Қазіргі жағдаймен АҚШ Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Елімізде "ШевронТексако", "ЭксонМобил", "КонокоФиллипс" сынды халықаралық компаниялар жұмыс істеуде. АҚШ компаниялары 10 млрд. доллардың инвестициясын әкелді. Бұл тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына жұмсалған жалпы инвестиция көлемінің үштен бір бөлігін иемденеді.
Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, 2005-жылдың сәуір айында Қазақстаннан ең соңғы ядролық қарудың шығарылуына, сөйтіп республиканың ядролық қарусыз мемлекетке айналуына 10 жыл толады. Екі ел арасындағы осы саладағы ынтымақтастық бейбіт мақсаттағы атомдық технологияларды дамыту мәселерінде айрықша өзектілікке ие болғаны айтылды.
С.Бодманның айтуынша, халықты жаппай қырып-жоюға арналған қаруды таратпау және энергиялық ресурстарды дүниежүзілік нарыққа шығаруда тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша басымдық берілгендіктен АҚШ Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтан айрықша мүдделі.
Кездесу барысында Қ.Саудабаев АҚШ энергетика министрін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ақпан айындағы халыққа арнаған жолдауының басым бағыттарынан хабардар етіп, оның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму барысындағы тарихи сипатын атап көрсетті. С.Бодманға Қазақстан президентінің елге шақыруы табыс етілді.