АҚШ "Каспийді қорғау жөніндегі бастама" атты жобаны жүзеге асыра бастамақшы

АҚШ үкіметі теңіз аймағына лаңкестер, қару-жарақ пен есірткі тасымалдау әрекеттеріне тосқауыл қою, Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттердің шекарасын қорғау және Каспий теңізін күзету үшін 130 млн. доллар бөлмекші.

"Бағдарлама теңіздің қарама-қарсы жағалауларында орналасқан батысшыл елдер - Әзербайжан мен Қазақстанда іске асырылады. Бірақ алдағы жылдарда оның аясы кеңейе түсуі мүмкін",- деп мәлімдеді подполковник Скотт Суитсер. Оның айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжанда командалық-штабтық орталықтар, әуе және теңіздегі құпия операциялар жөніндегі орталықтар құру көзделіп отыр.
Теңіздегі командық-штабтық пункт Бакуде салынып та қойды. Қажет жағдайда оның аясы кеңейтіле түспек. Суитсердің айтуынша, қуат көздерін Грузия мен Түркияға тасымалдаудың маңызын ескеру негізінде "Каспий гвардиясы" бағдарламасына қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаралар да қамтылған.
Бағдарлама алдағы алты жылда жүзеге асырылады деп межеленген.