Мәлім болғаны, Вашингтон қазір тиісті құжатты дайындап жатыр. Айта кеткен жөн, Париж келісімі атмосфераға бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшерін азайтуды көздейді. Оны 195 мемлекет бекітіп, қол қойған. Құжатты әлемнің тек 2 елі – Сирия мен Никарагуа ғана қолдаған жоқ. Жалпы, ғаламшарда ауаға бөлінетін көмір қышқыл газы мөлшерінің 14 пайызы АҚШ-қа тиесілі. Америкалықтар бұл көрсеткіш бойынша, әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Алайда Дональд Трамп сайлауалды науқаны кезінде Париж келісімінен шығуға уәде берген болатын. Президенттің айтуынша, құжат өнеркәсіптік өндіріс өсімін шектейді.