АҚШ конгресі Солтүстік Кореяға қарсы санкция салуға мүмкіндік беретін заң қабылдады

Заң жобасы былтыр әзірленген еді, алайда оның қабылдануына КХДР-дың сутегі бомбасын сынау жөніндегі оқиға себеп болды.

Заңға сәйкес Пхеньянға ядролық және жаппай қырып-жою қаруын жасауға материалдық көмек көрсеткендерге қатысты шаралар қолданылуы тиіс.

Сондай-ақ, санкция салынған тізімдегілермен АҚШ үкіметі қандай да бір мәміле жасауға тыйым салынған.

Құжатты 418 конгрессмен құптап дауыс берген, тек екі адам ғана қарсы болған.


Америка сенаты КХДР-ға қарсы санкция туралы тағы да бір заң жобасын таяу арада қарамақшы.