Конгресс мүшелері қарсы дауыс берген жағдайда да Құрама Штаттар Сирияға қарсы әскери операциядан бас тартпайды, деп мәлімдеді президент Барак Обама.
«Шынын айтсам, мен әлі шешім қабылдаған жоқпын», - деді ол сейсенбіге қараған түні Эн-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында.
Б.Обама конгрестің Сирия мәселесіне қатысты ойдағыдай дауыс береді деп сенімді түрде айта алмайтынын алға тартты.
Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында ол: «Әскери қысымды жалғастырмасақ тиісті келісімге қол жеткізу мүмкін емес деп ойлаймын» деді.
Б.Обама Ресейдің Сирия химиялық қаруды тапсырсын деген ұсынысына оң баға беріп, ондай жағдайда АҚШ соғысты бастамайтынын атап өтті.