"АҚШ Конгрессі сенатының демократиялық көпшіліктің жетекшісі Хэрри Рид басқарған делегациясы 7 тамызда Қазақстанға келеді", - делінген хабарламада.
Өкілдер құрамында АҚШ Конгрессі сенатының энергетика және минералды ресурстар комитетінің төрағасы Джефф Бингаман, қарулы күштер, сауда, бюджет, барлау мәселелері жөніндегі комитеттерінің мүшесі Билл Нельсон, халықаралық істер, банк қызметі, бюджет, энергетика және минералды ресурстар, тұрғын үй мәселелері комитетінің мүшесі Роберт Менендез, халықаралық істер, шағын бизнесті дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған орта және еңбек комитеттерінің мүшесі Джонни Исаксон бар.