АҚШ конгрессінің өкілдері Бакуге келді

"Делегацияны Флорида штатының конгрессмені , Демократиялық партияның өкілі Роберт Векслер басқарады. Сапар барысында Әхербайжан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланады", -деп хабарлайды СІМ.

Бүгін өкілдер ресми кездесулер өткізе бастады. Атап айтсақ, конгрессмендер Әзербайжан СІМ-нің орынбасары Араз Азимовпен кездесті.

Сондай-ақ, делегацияны милли меджлис (парламент) спикері Огтай Асадов пен президент Ильхам Әлиев қабылдайды деп күтілуде.