АҚШ лаңкестікпен күрес жөніндегі қорды құруға 5 млрд. доллар бөледі

Керри бұл қаражат мемлекетке экстремистермен күреске көмектесуі тиіс, деп мәлім етті.

Оның айтуынша, тиісті қор АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша лаңкестікке қарсы операцияларын қаржыландыруына мүмкіндік береді.

АҚШ Президенті Барак Обама қор құру жөніндегі шешімін Нью-Йорктегі Вест-Пойнт әскери академиясында сөз сөйлеген кезінде жариялайды, деді Керри.