АҚШ мемлекеттік департаменті Нұрқаділовтың өлімінен саяси астар іздеу ерте деп санайды

"Қазір Алматы қалалық полициясы Нұрқаділовтың өліміне қатысты тексерулер жүргізіп жар. Сол себепті бұл өлімнің себептерінен саяси астар іздеу ерте",- делінген баспасөз баянында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-қарашада үш оқ тиіп қаза тапқан З.Нұрқаділовтың мәйіті өз үйінде табылған болатын. Оқиға орнынан марқұмның өзіне қарасты "Кобальт" тапаншасы табылды.