"Бұл ұйым Ташкенттегі Израиль және АҚШ елшіліктеріне қарсы лаңкестік әрекеттер мен Өзбекстан Бас прокуратурасының ғимаратындағы жарылыстарды жоспарлап жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік жүктейді",- деді Р.Баучер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Ислам жихады" тобы Орталық Азия аймағына танымал "Өзбекстанның ислам қозғалысы" ұйымынан бөлініп шыққан. Ал соңғысы Ауғанстандағы тәлібтер режимімен тығыз байланыста болғаны белгілі.
Лаңкестік іс-әрекеттерді қаржыландырумен күрес шараларының аясында АҚШ-тың қазынашылық мекемесі қазіргі жағдаймен 400-дей ұйымдар мен жеке тұлғаларды "қара тізімге" енгізіп отыр. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінде шетелдік лаңкестік топтардың жеке тізімі бар, оған 40-тай ұйым қамтылған.